АҚШ-та бюджет дағдарысы жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, 15 министрліктің 9-ы жұмысын доғаруға кірісті. Өйткені, олар дер кезінде қаржыландырылмаған. Жалпы алғанда, Құрама Штаттарда биылдыққа осымен үшінші рет үкімет жартылай жабылып отыр. Соның салдарынан 400 мыңнан астам маңызды мемлекеттік қызметкер дау шешілгенше ақысыз жұмыс істеуге мәжбүр. Тағы 380 мыңы уақытша демалысқа кеткен.
Федералдық әкімшіліктің мұндай жағдайға душар болуына Конгрестің бюджетті бекіте алмауы себепші. Өкілдер палатасы қаржылық құжатты қолдап отырса, Сенат оған қарсы. Демократтар мен республикалықтар негізінен Трамптың ұсынысы бойынша Мексикамен арадағы шекарада қабырға тұрғызу жобасын қаржыландыруға келісе алмай жатыр. Оған 5,7 миллиард доллар қажет екен.
Президент болса, бұл проблема шешілгенше, үкіметтің жабық тұратынын ескертті.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.