Токио биржасының басты индексі бүгін бірден 5,1 пайызға төмендеді
Соңғы 20 айда ол мұнша құлдыраған емес. Жүздеген компания акцияларының орташа құнын көрсететін «Nikkei»-дің күрт түсуіне Нью-Йорк биржасында қалыптасқан ахуал себепші. Онда да ірі компаниялардың құнды қағаздары арзандап жатыр. Инвесторлардың акцияларды жаппай сатуына АҚШ-тағы саяси жағдай себепші.
Бұған дейін президент Дональд Трамп Федералдық резерв жүйесін, яғни, елдің орталық банкін экономиканың басты проблемасы деп атады. Ал, қаржы министрлігінде кризистік топтың жиналысы өткен. Айта кетсек, қазір Құрама Штаттарда мемлекеттік мекемелердің 25 пайызы мен 800 мыңдай шенеунік жұмысын тоқтатып отыр. Өйткені, Сенат федералдық үкіметті қаржыландыру туралы даулы заңға қарсы дауыс берген.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы