Финляндияда Аяз ата әлемдік сапарға аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Финляндияда Аяз ата әлемдік сапарға аттанды

24.12.2018

Финляндияда Аяз ата әлем балаларына жаңажылдық сыйлық тарату үшін әлемдік сапарға аттанды. Оның резинденциясы Арктикалық шеңбердегі Рованиеми қаласында орналасқан. Бұғы жеккен қарияны жергілікті тұрғындар ән салып, би билеп, айшылық алыс жолға шығарып салды. Жаңа жыл кейіпкері болса, өзімен қоштасушыларға бейбітшілік пен бақыт тілеп, Солтүстік полюске қарай жүріп кетті.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу