«Қазақстан» РТРК» АҚ балаларға арнап шырша мерекесін ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ балаларға арнап шырша мерекесін ұйымдастырды

21.12.2017
«Қазақстан» РТРК» АҚ балаларға арнап шырша мерекесін ұйымдастырды

Бүгін  «Қазақстан» РТРК» АҚ Астана қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың  балалары және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап шырша мерекесін ұйымдастырды.  

Іс-шара барысында балалар «Қазмедиа» орталығының киноконцерт залына жиналып, «Walt Disney» компаниясы ұсынған, қазақ тілінде дубляждалған «Қайтпас қайсарлар» анимациялық фильмін тамашалады.

Мультфильм аяқталған соң балақайлар "balapan" телеарнасының мульткейіпкерлерімен бірге шырша мерекесіне аттанды. Ортада құрылған шыршаны айналып ән салып, би билеп Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті.

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастырған бүгінгі  мерекелік кешінде  түрлі сый-сияпаттарға ие болған балалар жаңа жылдық тамаша көңіл-күйге  бөленді.

Хабарламаларға жазылу