Францияда сутегімен қозғалатын алғашқы қайық әлемдік сапарға аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда сутегімен қозғалатын алғашқы қайық әлемдік сапарға аттанды

07.07.2017

Ол «Энергия бақылаушысы» деп аталады. Бұл идеяны жүзеге асырудағы мақсат – қайта жаңаратын қуат көздерін насихаттау және климаттың өзгеруімен күресу. Су көлігі француздың Сен-Мало қаласынан маусымның 26-да жолға шыққан. Енді ол Париждегі Сена өзені жағалауында бірінші рет аялдауы тиіс. Жалпы, бұл қайық алдағы уақытта 50 елге соғып, 101 мәрте тоқтамақ. Ұзақ сапар барысында экипаж мүшелері таза энергияға қол жеткізуде инновацияның маңыздылығын түсіндірмек. Сутегі қайығы жобасына 5 миллион еуро жұмсалды.

Айта кетсек, Франция 2040 жылға қарай бензинмен және дизельмен жүретін көліктерді сатуды доғаруды жоспарлап отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу