Испанияда толассыз жауған жауын алапат тасқынға ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда толассыз жауған жауын алапат тасқынға ұласты

13.09.2019

Апаттан Валенсия аймағындағы Онтеньенте қаласы қатты зардап шекті. Мұнда өзен арнасынан тасығанда көшелерде топан жүріп, талай үй мен автомашина суға кетті. 

Синоптиктердің болжамына қарағанда, жаңбыр әлі де жалғасады. Сондықтан, мектептер мен кәсіпорындар уақытша жабылып, жергілікті үкімет тұрғындарға үйден шықпауды ескертті. Және де бұл ауданда көлік қатынасы тоқтап, пойыздар мен кемелер сапарға аттанбаған. Ал, өткен түні жолда қалып қойған адамдарды құтқаруға армия жауынгерлері де аттанды. Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу