Ресей президенті ел экономикасы санкцияларға бейімделді деп мәлімдеді
Ресей президенті Владимир Путин Трамптың «ДАИШ» талқандалды деген мәлімдемесімен негізі келісетінін атап өтті. Алайда, Кремль басшысы Америка әскерінің Сириядан толық кететініне күмән келтіріп отыр. Мұны Путин бүгін өткен үлкен баспасөз маслихатында мәлімдеді.
Айта кету керек, өткен тәулікте АҚШ Қаржы министрлігі Ресейдің барлау қызметінің 18 өкілі мен төрт компаниясына санкция жариялады. Алайда, Путиннің сөзінше, Ресей экономикасы мұндай шектеулерге бейімделіп кеткен. «Йә, санкциялардың жағымсыз әсері де бар. Сонымен қатар, біз олардың артықшылықтарын көріп отырмыз. Мәселен, көп нәрсеге қатысты ойымыз өзгерді. Мұны батыс сарапшылары да мойындап отыр», - дейді Ресей президенті.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы