Қытайда теңіз үстінде салынған мега-көпірден өткен жолаушылар саны 2 миллионнан асты. Мұны осы елдің «CCTV» телеарнасы Гуандун провинциясы басшылығының мәліметіне сүйеніп хабарлап отыр.
Су бетінде тұрғызылған Гонконг-Джухай-Макао көпірінің ұзындығы – 55 шақырым. Ол көлік қатынасы үшін қазанның 24-і күні ресми түрде ашылды. Содан бері бұл жолмен күніне 50 мыңға жуық адам қатынайтыны анықталып отыр. Тұрғындардың кейбірі оның үстінен құрылымын тамашалау үшін ғана өтеді екен.
Жаңа инфраструктуралық жоба қаржылық қызметімен танымал Гонконгті зауыт-фабрикасы көп Гуандунмен және ойын-сауық индустриясымен әлемге әйгілі Макао қаласымен байланыстырады.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.