«Ниссан» компаниясының бұрынғы басшысы Карлос Гонға айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ниссан» компаниясының бұрынғы басшысы Карлос Гонға айып тағылды

10.12.2018

Жапония прокуратурасы «Ниссан» компаниясының бұрынғы басшысы Карлос Гонға  қаржыны орынсыз жұмсап, соңғы бес жылдағы табысын төмендетіп көрсетті деген айып тақты. Сондай-ақ, ол қайта тұтқындалып, желтоқсанның 30-на дейін қамауда отыратын болды.

Гон өткен айда ұсталды. Дегенмен, ол өзіне тағылған кінәні мойындамаған еді.

Бразилияда дүниеге келген 64 жастағы Карлос Гон кезінде «Ниссанды» ғана емес, «Митсубишиді» де банкроттықтан құтқарды. Бірақ, істі болғаннан кейін бұл екі концерн де талантты кризистік менеджерді басшылықтан аластатып отыр. Ал, француздың «Рено» компаниясы Гонды президенттік қызметтен әлі босатпаған.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу