АҚШ Ресейге ядролық келісімді орындауға 60 күн уақыт берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Ресейге ядролық келісімді орындауға 60 күн уақыт берді

05.12.2018

Егер бұл ультиматум орындалмаса, ақпан айында Вашингтон 1987 жылы Америка мен Кеңес Одағы қол қойған Орта қашықтыққа арналған ядролық күштер пәтуасынан шығады. Мұны Брюссельде Мемлекеттік хатшы Майк Помпео ескертті. АҚШ шындығында да осындай қадамға баратын болса, Еуропада жаңа жанталаса қарулану дәуірі басталады деген қауіп бар.

Өз кезегінде НАТО елдерінің қорғаныс министрлері Мәскеуді аталған келісімді бұзушы мемлекет деп ресми түрде жариялады. Ал, осы альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергтің мәлімдеуінше, Ресейге «көпқырлы зымырандық батальондардан» бас тарттыру жолында дипломатиялық әрекеттер қажет.

Дегенмен, Кремль Еуропа қалаларына соққы беретін құрлықтық және орта қашықтыққа арналған атомдық бомба тасушы ракеталарды жетілдіріп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу