Сабанкая жанартауы оянды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сабанкая жанартауы оянды

05.12.2018

Перудің оңтүстігінде Сабанкая вулканы оянды. Жанартаудан ақ түтін будақтап шығып жатыр. Геофизика институтының ғалымдары апаттық жағдайды зерттеу үшін арнайы дрон жіберді. Ол аппаратта вулканнан атқылаған газ бен улы заттардың мөлшерін өлшейтін құрылғы орнатылған. Қазір жақын маңдағы аудан тұрғындарына қауіп туралы ескерту жасалды. Олардың көбі эвакуациялануы да мүмкін. Сондай-ақ, кей көшелер жабылып, адамдарға алыс жолға шықпауға кеңес берілді.

 Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу