Жапонияда Сакурадзима жанартауы оянды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда Сакурадзима жанартауы оянды

11.05.2020
Жапонияда Сакурадзима жанартауы оянды

Жапонияда Сакурадзима жанартауы оянды

Жанартаудан атқылаған түтіннің биіктігі 4,2 шақырымға жеткен. Салдарынан Кирисима қаласын күл басты, 6 әуе рейсі кейінге шегерілді. 

Келтірілген шығын көлемі мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.

Сакурадзима - Жапониядағы қауіпті жанартаулардың бірі. Қазір жанартау аймағына өтуге тыйым салынды. Бұдан бұрын осындай құбылыс осы жылдың ақпанында болған еді.

russian.news.cn

Хабарламаларға жазылу