Индонезияда «Синабунг» жанартауы атқылап, 7 шақырым биіктікке от пен күл шашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда «Синабунг» жанартауы атқылап, 7 шақырым биіктікке от пен күл шашты

10.06.2019

Индонезияда «Синабунг» жанартауы атқылап, 7 шақырым биіктікке от пен күл шашты. Мамандар мұны «қызыл» деңгейлі дабыл деп бағалап, вулканның өте қауіпті екенін ескертті.

«Синабунг» жексенбі күні жергілікті уақытпен сағат 04:28-де оянды. Дегенмен, жергілікті биліктің хабарлауынша, одан зардап шеккендер жоқ.

«Синабунг» - Индонезиядағы ең белсенді жанартаулардың бірі. Оның биіктігі – 2460 метр. 2014 жылы бұл вулкан атқылағанда ондаған адап қаза тауып, мыңға жуық тұрғынды эвакуациялауға тура келген еді.

Хабарламаларға жазылу