Фуэго жанартауы оянды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фуэго жанартауы оянды

08.02.2015
Фуэго жанартауы оянды

Фуэго жанартауының оянуына байланысты Гватемаланың оңтүстігіндегі тұрғындар  үйлерін асығыстықпен тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды ВВС. 

Күл мен ұшқан тастардың салдарынан билік өкілдеріне ел астанасындағы халықаралық әуежайды жабуға тура келді. Жанартау әуежайдан 40 шақырым жерде орналасқан.

Фуэго жақында ғана оянған еді: 2012 жылы лаваның атқылауы мен күлдің шығуы салдарынан бірнеше мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. 

Хабарламаларға жазылу