Дональд Трамп пен Си Цзиньпин өзара тауар салығын азайтуға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп пен Си Цзиньпин өзара тауар салығын азайтуға келісті

03.12.2018

АҚШ пен Қытай қаңтардың 1-нен бастап, бір-бірінің өнімдеріне тариф жарияламайтын болды. Ақ үй басшысы Дональд Трамп пен ҚХДР төрағасы Си Цзиньпин мұндай келісімге Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен кездесуде қол жеткізді. Ал, ресми Вашингтонның мәліметінше, тараптар тарифтерге 90 күндік мораторий жариялаған. Осы уақытты екі экономикалық держава өздерінің арасындағы сауда-саттықтағы дауларды шешуге пайдаланбақ.

Естеріңізге сала кетсек, биыл Құрама Штаттар Қытайдан келетін 250 миллиард доллардың тауары мен шикізатына импорттық салықты көтерді. Бұл – Қытай экспортының жартысы еді. Ал, Бейжің АҚШ-тан импортталатын 110 миллиард доллардың өніміне тарифті өсірді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу