Францияда шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты

03.12.2018

Францияда ондаған мың адам шеруге шығып, оның соңы үлкен тәртіпсіздікке ұласты. Қарсылық акциясына оңшылдар да қосылып кеткен. Тұрғындар салықтың көтерілуі мен қымбатшылыққа үш аптадан бері наразылық білдіріп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Париждегі Елисей сарайының маңында ондаған көлік өртеліп, талай ғимаратқа от қойылған. Бұған қоса, манифестанттар жолдарды бөгеді.

Оларды тарату үшін полицейлер көзді жасаурататын газ қаруын, су шашатын машиналарды және шуылдайтын гранаталарды қолданды. «Reutersтің»  хабарлауынша, 65 адам жараланған. Олардың 11-і – қауіпсіздік қызметкерлері. Тағы 200-дей демонстрант тұтқындалды.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу