Грузияда тұрғындар президенттік сайлау нәтижесіне наразылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузияда тұрғындар президенттік сайлау нәтижесіне наразылық білдірді

03.12.2018

Грузия астанасы Тбилисиде мыңдаған адам митингке жиналып, президенттік сайлау нәтижесіне наразылық білдірді. Екінші турда 40,5 пайызбен жеңіліске ұшыраған Григол Вашадзе бұл қорытындымен келіспей отыр. Ол осы мәселені сотқа беретінін айтып, мерзімінен бұрын қайта сайлау өткізуді талап етіп отыр.  Егер бұл талап орындалмаса, оппозиционер желтоқсанның 16-да тағы да бейбіт шеру өткізетінін ескертті.

Халықаралық бақылаушылардың пікірінше, Грузияда сайлау бәсекемен өтті. Бірақ, онда биліктегі партия әкімшілік ресурстарды көбірек пайдаланған.

Сайлауда Саломе Зурабишвили 59,5 пайыз дауыс жинап, елдің бірінші әйел президенті атанды. Айта кетсек, ол 2008 жылғы Ресей-Грузия соғысы үшін Тбилисиді айыптап, үлкен сынға ұшыраған еді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу