Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты Жапонияның «Mitsubishi» компаниясы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде корейлерді қара жұмысқа жеккені үшін өтемақы төлеуі тиіс деген шешім шығарды. Бұл үкім бойынша, жапондық кәсіпорын еңбекке күшпен әкетілген әр кореялыққа 71 мың АҚШ долларынан беруі керек. Бұған дейін Сеулде Жапонияның «Ниппон Стил және Сумитомо Металл» корпорациясына қатысты да осыған ұқсас шешім шығарылды.
Алайда, жапон үкіметінің өкілі Йошихиде Суга бүгін мәлімдеме жасап, бұл үкімдерді Токио мүлде қабылдамайтынын ескертті. Ол Кореяда жапондық фирмаларға әділ бизнес жасауға жағдай жасалмаса, өз елінің халықаралық сотқа жүгінетінін жариялады.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.