Қытайлық ғалым тарихта алғаш рет баланың геномын өзгерткен
Қытайлық ғалым Хэ Цзянькуй тарихта алғаш рет баланың геномын редакцияладым деп, бүкіл әлемге атағы жайылып, үлкен дау тудырып отыр. Айтуынша, оның зерттеуі нәтижесінде дүниежүзінде бірінші рет генетикалық модификацияланған сәбилер дүниеге келген. Сонымен қатар, сол егіз қыздардың иммунитеті ВИЧ-ке қарсы тұра алады. Өйткені, олардың «CCR-5» деген гені жойылыпты.
Бұған ашынған жүздеген қытайлық ғалым әлеуметтік желіде ашық хат жариялап, Цзянькуйдың жұмысын қатаң сынады. Ал, Оксфордтың профессоры Джулиан Савулескудың сөзінше, гені өзгертілген адам ерте ме, кеш пе, генетикалық проблемаға, тіпті ракқа ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ, мұндай сынақ этикаға қайшы.
Айта кетсек, эмбриондар ДНК-сын өзгерту әлемнің көптеген елдерінде заңмен тыйым салынған. Дегенмен, Хэ Цзянькуйдың мәлімдеуінше, оның сынағына 8 ерлі-зайыпты қатысқан. Ал, егіздер өмірге дені сау болып келді және оларды келешекте қауіпті дерттен қорғау қажет.
Хэ Цзянькуй, генетик-ғалым:
- ВИЧ әлемнің бірнеше елінде, әсіресе, дамушы мемлекеттерде адам өліміне негізгі фактор болып отыр. Осы инфекцияны жұқтырған аналардан сау туған балалар Африканың оңтүстігінде аз емес. Оларда өмірдің алғашқы айларында ВИЧ-ке шалдығу ықтималдығы жоғары. Сауалнамаға жүгінсек, Қытайда мұндай аурудың алдын алу үшін генді редакциялауды қолдайтындар көп.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы