Басты Жаңалықтар Британияда химиялық шабуыл үшін айыпталған ГРУ-дің басшысы И.Коробов қайтыс болды

Британияда химиялық шабуыл үшін айыпталған ГРУ-дің басшысы И.Коробов қайтыс болды

Соңғы екі жылда Ресейдің әскери барлау қызметінің немесе бұрынғы ГРУ-дің екінші басшысы қайтыс болды. 62 жастағы Игорь Коробов ауыр әрі ұзаққа созылған науқастан дүние салған. Ал, осы мекеменің оған дейінгі жетекшісі Игорь Сергун 2016 жылы өмірден өтті.

Британияда  Скрипальдар улау операциясынан тірі қалып, ГРУ батыс баспасөзінің күлкісіне айналғаннан кейін Коробов Кремльге шақырылды деген бейресми мәлімет бар. Ал, өткен айда ГРУ-дің 100-жылдық салтанатына Коробов қатыспады.

Британ үкіметі Ресейдің экс-шпионы Сергей Скрипаль мен оның қызы уланғаны үшін дәл осы ГРУ-ді айыптап отыр. Ал, Нидерланды бұл басқарманы әлемдік химиялық қару ұйымына кибершабуыл жасамақ болды деп кінәлады.  АҚШ-тың ойынша, ГРУ 2016 жылы Америкада өткен президенттік сайлауға араласпақ болған. Бірақ, Мәскеу мұның бәрін жоққа шығарып келеді.

 

Арыстан РЫСБЕК

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу