Бүгін Финляндия Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Ресейді НАТО-ның әскери жаттығуы кезінде GPS сигналын әдейі үзді деп айыптады. Алайда, Кремль дүйсенбі күні мұны жоққа шығарған болатын.
Айта кетсек, осы айдың басында Финляндия навигациялық қызметі елдің солтүстігінде GPS байланысының тоқтауына байланысты ұшақтарға ескерту жасады. Сонымен қатар, Норвегия да өзінің әуе кеңістігінде осындай проблема туындағанын хабарлап, сол үшін Мәскеуді кінәлады. Қазір бұл оқиға тергеліп жатыр. Финляндия – НАТО-ның мүшесі емес. Бірақ, ол жақында солтүстікатлантикалық альянстың Ресей шекарасы маңында өткен соңғы онжылдықтардағы ең ауқымды маневрларына қатысты. Сол әскери ойындарға 31 мемлекеттің армиясы тартылған екен.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.