Парижде Эйфель мұнарасының шамдары 1 минутқа өшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде Эйфель мұнарасының шамдары 1 минутқа өшірілді

02.11.2018

Бұл шара қызмет бабында өлтірілген журналистерді еске алу мақсатында ұйымдастырылған. Бүгін - Журналистерге қарсы жасалған қылмыс үшін жазадан құтылумен халықаралық күрес күні. Осыған орай, Эйфель мұнарасы алдында жиналған белсенділер қолдарына қаза тапқан журналистердің, соның ішінде саудиялық журналист Джамаль Хашогджидің суреттерін ұстаған. Деректерге сай, 2018 жылдың өзінде бұқаралық ақпарат құралдарының 77 қызметкері өлтіріліп, 337-сі түрмеге қамалған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу