Парижде табиғат жанашырлары ауа ластануын тоқтатуды талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде табиғат жанашырлары ауа ластануын тоқтатуды талап етті

21.06.2023

Франция астанасы Парижде табиғат жанашырлары ерекше акция ұйымдастырды. Экология белсенділері Эйфель алдында көзге көрінбейтін тор созып, мұнараны метафоралық жел турбинасы ретінде көрсеткен. Осылайша олар ауаның ластануын тоқтатуды талап етті. Шара Парижде әлемдік лидерлер саммитінің алдында ұйымдастырылды.

Жиында мемлекеттер басшылары ғаламдық жылыну және кедейшілікті азайту мәселелерін талқыламақ.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу