Сена өзенінің деңгейі күн өткен сайын көтеріліп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сена өзенінің деңгейі күн өткен сайын көтеріліп келеді

25.01.2018

Франция астанасында Сена өзенінің деңгейі күн өткен сайын көтеріліп келеді. Сондықтан, Парижді су басады деген дабыл қағылды. Тасқын қаупінің күшеюіне бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр себепші. Оның кесірінен өзен деңгейі дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні 40 сантиметрге жоғарылаған. Осыған байланысты, жолдарда көлік қатынасы қиындады. Сонымен қатар, Сена бойымен жүретін және Эйфель мұнарасының жанынан өтетін пойыздар қаңтардың 31-іне дейін тоқтатылып отыр.

Айта кетсек, 1910 жылы бұл өзен рекордтық деңгейге көтеріліп, Париждің сан мың тұрғыны үйлерін тастап кеткен еді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу