Парижде аукцион арқылы жұмбақ динозаврдың қаңқасы сатылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде аукцион арқылы жұмбақ динозаврдың қаңқасы сатылмақ

04.06.2018

Бүгін Парижде Эйфель мұнарасының бірінші қабатында жұмбақ динозаврдың қаңқасы аукционға қойылады. Ұйымдастырушылар оны 1 миллион 200 мың – 1 миллион 800 мың еуроға сатудан үмітті.

Белгісіз түрге жататын жыртқыш терапод осыдан 150 миллион жыл бұрын өмір сүрген болуы керек. Алайда, өте жақсы сақталғандықтан, ғалымдар оның ссйектерінің 70 пайызын жинаған екен.  

Қаңқаның ұзындығы 9 метрдей, ал, биіктігі 2,6 метр. Ол бес жыл бұрын АҚШ-тың Вайоминг штатында палеонтологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу