Жерорта теңізінен 248 мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерорта теңізінен 248 мигрант құтқарылды

03.10.2018

Жерорта теңізінен 250-ге жуық мигрант құтқарылып, испан порттарына жеткізілді. Жағалауға шығарылған шетелдіктердің 56-сы әйел, 12-сі - бала. Сахарадан жеткен босқындарға дәрігерлер көмек көрсетіп, оларға ыстық тамақ берілді.

Мигранттар мінген 9 үрмелі қайықты бүгін үкіметтік емес ұйым белсенділері теңізден байқап қалып, дереу құтқару қызметіне хабарлаған. Мигранттарға Қызыл Крест комитеті де қолдау көрсетті.

Полиция африкалық босқындарды Мотриль, Альмериа және Малага порттарындағы уақытша орталықтарға жеткізген. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу