Жерорта теңізінен 400-дей мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерорта теңізінен 400-дей мигрант құтқарылды

06.08.2018

Испанияның құтқару қызметі Жерорта теңізінен 400-дей мигранттың құтқарылғаны туралы мәлімдеді. Босқындар заңсыз түрде қауіпті жол арқылы Мароккодан Испанияға өтпек болған. Олар 9 қайықтан шығарылып, кемеге отырғызылды. Халықаралық көші-көн ұйымының мәліметінше, жыл басынан бері Испания арқылы Еуропаның өзге елдеріне баруды көздеген шетелдік мигранттардың саны  21 мыңнан асқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Бұған қоса, олардың саны соңғы айларда тіптен көбейіп кетті.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу