Басты Жаңалықтар Кейптаунда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты

Кейптаунда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты

Кейптаунда кедейшілікке, сыбайлас жемқорлыққа, қылмыс пен жұмыссыздыққа қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты. Демонстранттардың сөзінше, 1994 жылғы апартеидтен кейін де елде жұмысшылардың жағдайын өзгертуге ешқандай шара қабылданған жоқ.

Өткен аптада мемлекет лидері Сирил Рамафоса жұмыспен қамту және инфрақұрылымды дамыту үшін миллиардтаған долларлық ынталандыру бағдарламасын жариялады. Ол ақпанда билікке келгелі экономиканы жандандыруға уәде беріп, инвесторлардың да сеніміне кірді. Дегенмен, жылдар бойы тұралаған экономика биыл екінші тоқсанында 2009 жылдан бері алғаш рет рецессияға кірді.

Қазір биліктің алдында 27 пайызға жеткен жұмыссыздық деңгейін азайтып, кедейшілік пен теңсіздікті жою міндеттері тұр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу