Ахвазда болған терактіні «ДАИШ» өз мойнына алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахвазда болған терактіні «ДАИШ» өз мойнына алды

24.09.2018

Иранда сенбіде болған лаңкестік әрекетті «ДАИШ» тобы өз мойнына алды. Радикалдық ұйымның «Амак» агенттігі жариялаған бейнероликте көлікте отырған үш адам Ирандағы әскери шеруді шабуылдауға бара жатқандарын мәлімдейді. Сонымен қатар, терактіні жергілікті «Ахваз ұлттық қарсы тұру қозғалысы» да мойнына алып отыр. Дегенмен, қанкөгісті осылардың қайсысы ұйымдастырғаны туралы толық дәйек жоқ.

Лаңкестік әрекет Иранның Ахваз қаласында сенбіде өткен әскери парад кезінде жасалды. Қарулы топ мінбердің артынан оқ жаудырған. Одан 29 адам қаза тауып, 60-қа жуығы жараланды.

Иран президенті Хасан Роухани бұл шабуылды АҚШ-тың қолдауына сүйенген топтар жасады деп мәлімдеді. Алайда, Вашингтон мұны жоққа шығарып отыр. Ал, Иранның элиталық революция сақшылары парадта қан төккендерден кек алатындарын ескертіп отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу