Басты Жаңалықтар ЕО Тереза Мэйдің жоспарын қолдаған жоқ

ЕО Тереза Мэйдің жоспарын қолдаған жоқ

Ұлыбритания үкіметінің басшысы Тереза Мэй ұсынған «Брексит» жоспары еуропалық нарықтың біртұтастығына нұқсан келтіреді. Сол себепті Еуроодақ елдері оны қолдамайды. Еуропалық кеңес президенті Дональд Туск бейсенбі күні өткен саммиттен кейін осыны мәлімдеді.

Айта кетсек,  аймақтың 27 мемлекетінің лидерлері Британияның осы одақтан шығу мәселесін талқылау үшін кеше Зальцбургте кездескен еді.

Тереза Мэй шілдеде ұсынған жоспардың басты шарты -  Брекситтен кейін Еуропа Одағы мен Ұлыбритания арасында ортақ сауда ережелеріне қол жеткізу. Дональд Туск болса, британ премьерінің бұл ұсынысына Одақтың өзге мүшелерінің экономикалық себептерге байланысты көңілі толмайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Британия мен Еуроодақтың өзге мемлекеттері Солтүстік Ирландия мен Ирландия шекарасына қатысты да келісе алмай отыр. Еуропа одағы Солтүстік Ирландияны Ирландия Республикасымен бірыңғай экономикалық кеңістікте қалдыруды қолдаса, Корольдік бұған қарсы.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу