Қытайға жеткен «Мангхут» тайфуны тропикалық жел дәрежесіне төмендеді
Дегенмен, күшті жел елдің оңтүстік жағалауы мен Гуандун, Гуаньси және Хайнань провинциялары тұрғындарына ауыр тиіп жатыр. Ал, Гонконг халқына жағалауға жақындамау туралы ескертілді. Мұнда табиғи апаттан 4 адамның қаза тапқаны белгілі болып отыр. Әуежайда 900-ге жуық ұшақ рейсі доғарылған. Қоғамдық көлік, паром, темір жол қатынастары да тоқтап тұр.
Тайфун кезінде жел 200 шақырымға жуық жылдамдықпен соқты. Осыған байланысты Гуандун провинциясында 2,4 миллион адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Ал, мұның алдында «Мангхут» Филиппинге соққы берді. Аралдық мемлекетте сел көшіп, 65 адам қаза тапқан. 40-тан астам тұрғын жоғалып кетті. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, лай-көшкіні астынан олардың аман-есен табылуына мүмкіндік аз. Жоғалғандарды іздеуге жүздеген полиция мен жауынгер тартылып отыр.
Табиғи апаттан Бенгет провинциясы орасан зардап шегіп, лай көшкіні екі ауылды басып қалған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы