Украинаның Инфрақұрылым министрі коррупция үшін айыпталып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның Инфрақұрылым министрі коррупция үшін айыпталып отыр

13.09.2018

Украинаның Инфрақұрылым министрі сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыпталды. Мұны елдің Коррупцияға қарсы ұлттық бюросы мәлімдеп отыр. Оның хабарлауынша, Владимир Омелян заңсыз байыды және салық органдарына шындыққа жанаспайтын мәлімет берді деген күдікке алынып отыр. Министрден тәркіленген 90 мың доллар мен «БМВ» көлігі оның мемлекеттік қызметкер ретінде тапқан табысынан асып түседі. Бірақ, Омелян бүгін «Фейсбук» арқылы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Министрдің сөзінше, мұның бәрі келесі жылы өтетін сайлау алдында оның беделіне нұқсан келтіру үшін жасалып отыр. 

Соттың үкімі шыққанша, айыпталушы қамалмай, бұлтартпау шарасы ретінде 178 мың долларға жуық ақша төлеуі тиіс.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу