Идлибтен қашқан сириялықтар Бассоута қаласына барып жатыр
Идлибтегі атыс-шабуылдардан қажыған сириялықтар Бассоута қалашығына барып жатыр. Бұл қала - Түркияның қолдауына сүйенген «Еркін Сирия Армиясының» бақылауында. Мұны Түркияның «ТРТ» телеарнасы хабарлады.
Бассоутаға жүк көліктерімен жеткен адамдардың сөзінше, олар әуе шабуылдарынан әбден қорқып қалған, әрі Идлибтегі қазіргі ахуал соншалықты нашар.
Өткен жексенбіден бері Сирия күштері осы провинцияда көтерілісшілерге қарсы әуе шабуылдарын жалғастырып жатыр. Бұл соққы бейбіт тұрғындардың берекесін қашырды. Өткен аптадан бері Идлибте 30 мыңнан астам адам үйлерін тастап кеткен.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Баскетболдан турнир басталды
30.07.2026, 13:23
«Заң түні»: Астанада тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
30.07.2026, 13:06
«Әділет» партиясының өкілдері театр ұжымымен кездесті
30.07.2026, 13:04
Отбасы құндылығы – Конституция қорғауында
30.07.2026, 13:01
Ұлттық теледебат жаңа форматта өтті
30.07.2026, 10:18
Каспий теңізінің ластануы туралы фильм көрсетілді
30.07.2026, 10:10
Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
30.07.2026, 10:05
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі басталды
30.07.2026, 10:01