Каталония халқы испан үкіметінен тағы да тәуелсіздік талап етті. Бұл туралы ұранды олар Барселонада өткен ауқымды шеруде көтерді. Акцияға миллион адам қатысты. Автономия туын ұстаған адамдар дауылпазда ойнап, бөлінуге үндейтін түрлі ұрандар тастаған.
Былтыр Корольдік соты тәуелсіздік туралы референдумды заңсыз деп тауып, Каталонияға тікелей басқару орнатқан-ды. Ал, оның сепаратистік басшылары түрмеге қамалды.
Шерушілер сол адамдарды босатуды талап еткен. Шілдеде жүргізілген сауалнама қорытындысына қарағанда, каталандықтардың 46 пайыздан астамы Испаниядан ажырауды қолдаса, 45 пайызға жуығы бұған қарсы екен.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.