АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатына жақындап қалған «Флоренс» дауылының жылдамдығы сағатына 225 шақырымға жетіп отыр. Сондықтан, жағалау тұрғындары қауіпсіз жерге жаппай қашып жатыр. Сонымен қатар, аймақта орналасқан теңіз әскерінің мыңдаған жауынгері мен офицер отбасымен көшірілді.
Жалпы алғанда, миллионнан астам адам эвакуациялануы тиіс. Дауылдарды бақылау орталығының мәліметінше, «Флоренстің» қуаты ең жоғарғы 5-ші баллға жетуі мүмкін. Мұндай күш үйлердің шатырын ұшырып, есік-терезелерін сындыруға және ағаштарды құлатуға жетеді.
«Флоренс» АҚШ-қа соңғы ондаған жылдарда соққы берген ең қуатты дауыл болуы ықтимал. Одан төнген қауіпке байланысты бірнеше штатта төтенше жағдай жарияланды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.