Каталонияда тәуелсіздік шеруіне миллион адам қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталонияда тәуелсіздік шеруіне миллион адам қатысты

12.09.2018

Каталонияда өткен тәуелсіздік шеруіне миллион адам қатысып, Испаниядан бөлінуді қолдайтындарын білдірді. Автономия туын ұстаған адамдар дауылпазда ойнап, тәуелсіздікке үндейтін түрлі ұрандар тастаған.

Айта кетсек, ұлт күнін тойлауға 2017 жылы да осыншама адам қатысқан екен. Бұл - Каталонияда былтыр қазанда өткен тәуелсіздік референдумынан кейін бірінші рет ұйымдастырылған осындай мереке.

Былтыр Корольдік соты референдумды заңсыз деп тауып, Каталонияға тікелей басқару орнатқан-ды. Ал, оның сепаратистік басшыларын қамауға алды.

Осы шеруге қатысқандар сол адамдарды босатуды талап еткен. Шілдеде жүргізілген сауалнама қорытындысына қарағанда, каталандықтардың 46 пайыздан астамы Испаниядан ажырауды қолдаса, 45 пайызға жуығы бұған қарсы екен. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу