«Emirates» әуе компаниясы ұшағының 100-ге тарта жолаушысынан тұмау белгілері байқалған
Лайнер Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайына қонған кезде онда уақытша карантин жарияланды. Кейін 10 адам ауруханаға жеткізілген. Әзірге, науқастардан алынған сараптама нәтижелері шыққан жоқ. Дегенмен, олардан қызу, жөтел, лоқсу тәрізді белгілерінен-ақ алдын ала тұмау диагнозы қойылды. Дәрігерлердің сөзінше, 10 адамның барлығының жағдайы қазір жақсы. Жалпы, Дубайдан келген ұшақта барлығы 521 жолаушы болған. Тұмау белгілері анықталмаған адамдар үйлеріне жіберіліп, қандай да бір жайсыздықтар сезінгенде дәрігерге қаралу туралы ескертілді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Баскетболдан турнир басталды
30.07.2026, 13:23
«Заң түні»: Астанада тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
30.07.2026, 13:06
«Әділет» партиясының өкілдері театр ұжымымен кездесті
30.07.2026, 13:04
Отбасы құндылығы – Конституция қорғауында
30.07.2026, 13:01
Ұлттық теледебат жаңа форматта өтті
30.07.2026, 10:18
Каспий теңізінің ластануы туралы фильм көрсетілді
30.07.2026, 10:10
Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
30.07.2026, 10:05
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі басталды
30.07.2026, 10:01