Германияның Хемниц қаласында әсіре оңшылдар мен солшылдар шерулетті
Германияның шығысындағы Хемниц қаласында мигранттардың қарсыластары мен жақтастары қақтығысты. Әсіре оңшылдар қала орталығынан екі күн қатарынан тарқамай жатыр. Олар жексенбіде 35 жастағы ер адамды біреулердің пышақтап өлтіруіне наразылық білдіру үшін көшеге шыққан.
Полицияның мәліметінше, марқұммен бірге тағы екі адам жараланды. Бұл қастандыққа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен сириялық және ирактық екі азамат ұсталды. Ал, солшылдар осы өлімді пайдаланып, ұлтшылдар саяси ұпай жинамақ деп мәлімдеп отыр.
Полиция демонстранттарды тарату үшін су шашқан. Ал, шерушілер тәртіп сақшыларына тас атып, бөтелкелер лақтырды. Жанжал кезінде бірнеше адам жараланып, ауруханаға түскен.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы