Басты Жаңалықтар Оңтүстік Кореяда «Соулик» тайфуны соққы берді

Оңтүстік Кореяда «Соулик» тайфуны соққы берді

Оңтүстік Кореяда алапат дауыл көтерілді. «Соулик» тайфуны елдің Чеджудо аралына соққы беріп, енді Сеулге қарай беттеп барады. Ол өзімен бірге жауын-шашын әкеліп, нөсер түні бойы дамылсыз жауған.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, дүлей дауыл кезінде 1 адам қаза тауып, біреуі жоғалып кетсе, енді бір тұрғын жараланды. Сонымен қатар, аралда көлік қозғалысы нашарлаған.

«Ренхап» агенттігінің мәліметінше, 6,5 мың үй электр жарығынсыз отыр. Теңіз порттарының көбі жұмысын тоқтатып, 9 әуежайда рейстер кейінге қалдырылды. 1,5 мыңдай мектепте сабақ доғарылған.

Елдің барлық провинцияларына табиғи апатқа дайын болу туралы ескерту жасалды. Ауа райын бақылаушылардың дерегінше, «Соулик» Шығыс Теңізге жетіп, бүгін-ертең Ресейдің Владивосток қаласында соққы беруі мүмкін.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу