Ломбокта қуаты 6,9 баллдық зілзала болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ломбокта қуаты 6,9 баллдық зілзала болды

20.08.2018

Индонезияның Ломбок аралында қайта-қайта жер сілкініп жатыр. Бүгін мұнда қуаты 6,9 баллдық бірнеше дүмпу болып, 1 адам қаза тапты. Жапа шеккендердің саны әлі де анықталып жатыр. Цунами қаупі жарияланған жоқ. Дүмпудің қатты сезілгені соншалық, адамдар үйлерінен жапа-тармағай далаға қашты.

Жер сілкінісі көршілес Бали аралында да сезілген. Осыдан екі апта бұрын осы Ломбок аралында қуатты зілзаладан  460 адам қаза тапты.

Өңірде дүмпудің жиі болуы Индонезияның үш литосфералық тақта торабында орналасуымен түсіндіріледі. Олардың ең белсендісі Тынық мұхит тақтасы тереңге кетіп, жерасты дүмпулеріне себеп болады екен.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу