Жапонияда жер сілкінісі құрбандарының саны 81-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда жер сілкінісі құрбандарының саны 81-ге жетті

04.01.2024

Жапониядағы зілзала құрбандарының саны 81-ге жетті. Қазір мыңдаған адам іздеу-құтқару операциясына жұмылдырылған. Дегенмен, тірі қалғандарды табуға деген үміт азаюда. Себебі апттан бері 72 сағат өтіп кетті. Оның үстіне, жолдар қатты бұзылғандықтан, құтқарушылар шалғайдағы елдімекендерге әлі жете алмай жатыр

Токиодон 300 шақырым жердегі Ното түбегінде қуаты 7,6 баллдық дүпму қаңтардың 1-де болды. Содан бері жер 600 мәрте теңселген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу