Түркияның орталығында бүгін қуаты 5,5 баллдық тағы бір дүмпу болды
Түркияның орталығында бүгін қуаты 5,5 баллдық тағы бір дүмпу болды. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлады. Зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте анықталған. Одан зардап шеккендер жоқ. Соңғы мәліметтерге сай, Түркия мен Сирияда жер сілкінісі құрбандарының саны 50 мыңнан асты. Түркияда апатты аймақтардан 528 мыңнан аса адам көшірілген. Өңірде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Еске салайын, Түркия мен Сирияда ақпанның 6-да екі бірдей қуатты зілзала болды. Сол күні бұдан бөлек мыңдаған жер асты дүмпуі тіркелген.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» – «Брюгге»: Астанада қауіпсіздік күшейтілді
20.01.2026, 13:30
Интернет-алаяқтармен күрес күшейді
20.01.2026, 13:24
Сәбіз экспортына тосқауыл қойылмайды
20.01.2026, 13:21
Былтыр 913 мың адам жұмысқа кірген
20.01.2026, 13:18
Кәсіпкерлер салық режимін таңдап, хабарлама беруі керек
20.01.2026, 13:15
Курчатовта электр станциясы салынады
20.01.2026, 13:12
Р.Кенжеханұлы: Заң қазақ тілінде жазылуы керек
20.01.2026, 13:09
Әлеуметтік желіні балалардың пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін
20.01.2026, 13:06