Бүгін Индонезияның Ломбок аралында тағы бір зілзала болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Индонезияның Ломбок аралында тағы бір зілзала болды

09.08.2018

Қуаты 6,2 баллдық дүмпуден ғимараттар құлаған. Адамдар жапа-тармағай көшеге шығып жатыр. Сейсмологтар аралда әлі де кішігірім дүмпулердің болып жатқанын мәлімдеді. Жер сілкінісі көршілес Бали аралында да сезілген. Соңғы мәліметтерге сай, жексенбіде болған қуаты 6,9 баллдық зілзала құрбандарының саны 347-ге жеткен. 1500 адам жараланып, 150 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кетті. Марқұм болғандардың нақты саны әзірге белгісіз. Өйткені, құтқарушылар мен жергілікті биліктің сөзінше, кейбір аудандарға жету әлі де мүмкін болмай жатыр. Сол себепті, құрбандардың саны өсуі мүмкін. Бұдан бөлек, дәл осы Ломбок аралында шілденің соңында тағы бір зілзала болып, 17 адам қаза тапқан еді.

Эрика Лиа, тұрғын:

- Жер сілкінісі біз теледидар көріп отырған кезде болды. Соңғы уақытта дүмпулер жиі қайталанып жүр. Қатты қорқып қалдық. Теңселісті сезген кезде, далаға жүгіріп шықтық.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу