Шыңжаңда жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шыңжаңда жер сілкінді

23.01.2024

Қытайдың батысындағы Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Аймағының Ақсу префектурасында қуаты 7,1 баллдық жер сілкінісі болды. Елдің зілзала жөніндегі желілер орталығының хабарлауынша, дүмпу ошағы Қырғызстанмен шекаралас Үштұрпан уезінде анықталған. Апаттан екі үй қирап, пойыздардың жүрісіне тыйым салынды. Дегенмен, қаза тапқандар жоқ. Ал АҚШ-тың Геологиялық қызметінің хабарлауынша, магнитудасы 7 баллдық жер сілкінісі Тянь-Шянь тауларында болып, оны Үрімші, Қашғар, Хотан, Алматы тұрғындарымен бірге Қырғызстан мен Өзбекстан жұрты да сезген.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу