Индонезияның Ломбок аралында бүгін жер тағы сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияның Ломбок аралында бүгін жер тағы сілкінді

09.08.2018

Индонезияның Ломбок аралында бүгін тағы бір зілзала болды. Қуаты 6,2 баллдық дүмпуден ғимараттар құлаған. Адамдар жапа-тармағай көшеге шығып жатыр. Сейсмологтар аралда әлі де кішігірім дүмпулердің болып жатқанын мәлімдеді. Жер сілкінісі көршілес Бали аралында да сезілген. Соңғы мәліметтерге сай, жексенбіде болған қуаты 6,9 баллдық зілзала құрбандарының саны 347-ге жеткен. 1500 адам жараланып, 150 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кетті. Марқұм болғандардың нақты саны әзірге белгісіз. Өйткені, құтқарушылар мен жергілікті биліктің сөзінше, кейбір аудандарға жету әлі де мүмкін болмай жатыр. Сол себепті, құрбандардың саны өсуі мүмкін. Бұдан бөлек, дәл осы Ломбок аралында шілденің соңында тағы бір зілзала болып, 17 адам қаза тапқан еді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу