Йеменнің Саада провинциясына жасалған әуе шабуылынан ондаған адам қаза тапты. Халықаралық Қызыл Крест комитетінің мәліметінше, жарылғыш зат Дахиан қаласындағы базарға түсіп, жапа шеккендер ауруханаға жеткізілген. «Рейтердің» хабарлауынша, әуе соққысынан автобуста болған адамдар, соның ішінде кішкентай балалар қаза тапқан. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, одан 43 адам қаза тауып, 61-і жараланған. Әзірге бұл оқиғаға кімдердің жауапты екені белгісіз. Йеменде азаматтық соғыс 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Мұнда бұрынғы президент Әбд Раббо Мансұр Хади жақтастары Сауд Арабиясы бастаған коалиция қолдауымен хусит көтерілісшілеріне қарсы күресіп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.