АҚШ «Скрипаль ісіне» орай Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ «Скрипаль ісіне» орай Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

09.08.2018

Шектеу шаралары тамыздың 22-нен бастап күшіне енеді. Лондонмен бірге Вашингтон Мәскеуді Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияны улауға қатысы бар деп есептейді. АҚШ санкцияларды екі кезеңмен енгізеді. Алдымен, Ресейге ұлттық қауіпсіздік саласына қажетті электронды құрылғылар мен олардың бөлшектерін экспорттауға тыйым салынады. Үш айдан кейін Ресей химиялық қаруды келешекте қолданбайтынына көндіре алмаса, «Аэрофлот» компаниясы ұшақ рейстерінің АҚШ-қа қатынауына тыйым салынады. Алайда, Кремль өзіне тағылған кінәні жоққа шығарып отыр. Санкциялар салдарынан Ресей рублі арзандап, қор биржалары құлдырады.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу