Индонезияда зілзаладан 91 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда зілзаладан 91 адам қаза тапты

06.08.2018

Индонезияның Ломбок аралында жойқын жер сілкінісінен 90-нан астам адам қаза тапты. Тағы жүздеген адам жараланған. «Рейтердің» дерегінше, марқұмдардың арасында шетел азаматтары жоқ. Құтқарушылар құрбандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Қуаты 7 баллдық зілзаладан аралда ғимараттар құлап, электр жарығы өшті. Біріншісінен кейін көп кешікпей 130-дан астам кішігірім дүмпу болған. Жер сілкінісі көршілес Бали аралында да сезілді. Мұнда науқастар ауруханалардан сыртқа шығарылып, оларға көшеде ем көрсетілген. Бастапқыда геологтар цунами қаупін жариялап, кейін бұл мәлімдеме жоққа шығарылды. Айта кетсек, дәл осы Ломбок аралында бір апта бұрын болған зілзала кезінде 17 адам қаза тапқан еді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу