Бангладеште 2 жасөспірімнің қазасына қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладеште 2 жасөспірімнің қазасына қарсы шеру өтті

03.08.2018

Бангладеште бір апта бойы автобус қағып мерт қылған екі жасөспірімнің қазасына қарсы шерулер тыйылмай жатыр. Наразылық акциясын студенттер ұйымдастырған. Олар жарамдылық куәліктері жоқ, әрі қауіпті жарыстарға қатыстан автобустарды көшеден алып тастауды талап етті. Шерулер басталғалы 300-ден астам көлікке от қойылған. 51 адам жараланды. Жастар шілденің 29-да жекеге тиісті автобустың жүйткіп келіп, бір топ колледж студенттері арасына кіріп кетіп, екі студентті мерт қылуына наразы. Қолдарына плакаттар ұстаған шерушілер «біз әділдікті қалаймыз» деп ұрандатты.

Айта кету керек, жыл сайын бұл елде жол-көлік апатынан 4000 мыңнан астам қаза табады екен. Бангладеш билігі болса, жалпыұлттық сайлаулар алдында тәртіпсіздіктердің басылмауына алаңдаулы.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу