АҚШ-та қызыл қалпақ және қызыл түсті жамылғы киген 25 әйел Трамп әкімшілігіне қарсы шерулетті. Олар киберқауіпсіздікке қатысты отырыс өтіп жатқан ғимарат жанына барған. Демонстранттар 1985 жылы жарық көрген «Қызметші әйелдің әңгімелері» атты экрандалған романдағы нәзік жандыларға ұқсап киініп алған. Бұл шағын серияларда әйелдердің құқықтары шектеліп, оларға оқуға және ақша ұстауға тыйым салынған кез көрсетілген. Шерушілердің сөзінше, Трамп әкімшілігі билікке келгелі бері көптеген бостандықтар, соның ішінде әйелдердің жылдар бойы күресіп келген еркіндігі шектеліп жатыр. Демонстрант әйелдер көпшілікті елдің осындай күйге жетуіне жол бермеуге үндеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
